Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Обзор


2017 жылы 30 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты.

Методологиялық семинар «Ауызша тарихты зерттеудің өзекті мәселелері»атты тақырыбына арналды. Баяндамашылар: т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай, т.ғ.к. Б, Хинаятұлы, ғылыми қызметкерлер З.Б. Байжұманова, Б.Б. Бұрханов және Н.Н. Құрманалина аталған тақырыпқа баяндамалар жасады.

«Ауызша тарихты зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбына байланысты Г.С. Жүгенбаева өз баяндамасындаауызша тарихтың қазіргі ғылымдағы орны мен рөлі туралы, оның ерекшеліктеріне тоқтала кетті. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерінің жүргізіп жатқан «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)» атты гранттық жобаның жүргізіліп жатқан және атқарылған жұмыстары туралы, сондай-ақ оның нәтижелері туралы айтып кетті.

А.У. Тоқтабай 2016 жылы Ақмола облысына барған іс-сапарынан жиналған материалдар туралы, соның ішінде Көкшетау облысындағы экспедиция бойынша Шоқан Уәлихановтың арғы атасы, Шыңғыстың әкесі Уәлидің зияраты, халық аузында «Хан сүйегі» деп аталатын деректер жазылып алғаны.

Діни қайраткер Наурызбай (Науан хазірет) өмірбаяны, оның туған ауылы туралы жан-жақты мәліметтер жиналғаны.

Әз-Бөгенбай би, Кенесарының ағалары Есенгелді мен Саржан, «Балқадиша» әнінің шығу тарихы жөнінде құнды әңгімелер ғылыми айналымға түскені туралы айттып берді.

Б. Хинаятұлы ауызша тарихтағы дерек корпустарының: фольклор, аңыз, шежіре, эпистолярлық өмірбаян, этнографиялық қыр жоқтау, арнау, теңеу, эпитет, фразеологизм, просопография, тіл мәдениеті, мәдени және тарихи код, кәсіби фольклор жанры, фольклорлық музыка сияқты деректердің рөлі мен орны туралы айтып берді.

З.Б. Байжұманова өз сөзінде 1985-1991 жылдар Қазақстан тарихында ірі оқиғалармен ерекшеленгені, 1986 жылы 16 желтоқсандағы Алматыдағы қазақ жастарының бас көтеруі, 1989 жылы О. Сүлейменовтың құрған «Невада – Семей» қозғалысы, 1990 жылы Қазақ КСР Президент қызметінің пайда болуы, тұңғыш Президент сайлауы, КСРО-ның ыдырауы, 1991 жылдың 16 желтоқсанда республикамыздың тәуелсіздігін жариялануы, шетелдегі қазақтардың тарихи отанына оралуы т.б. мәселелер осы кезеңнің басты оқиғалары ретінде қарастырылып жатқанын.

Аталмыш кезеңінің оқиғаларын, болып жатқан өзгерістерді көзімен көрген тарихшы ғалымдардың естелік-деректемелері де зерттеу негізін ашып, терең танысуға көмектеседі. Сондықтан тарихшы ғалымдардан сұхбат-естеліктер алу негізінде жұмысымның маңызын ашып көрсетуге жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

Н.Н. Құрманалина жоба бойынша XVIII-ХIХ ғғ. маңызды оқиғалардың қазақ халқының тарихи жадында сақталу және сипатталу дәрежесі көрсетілетінін, осы кезеңдегі ауызша тарих деректерінің, фольклор үлгілерінің қалыптасу мәселелеріне назар аударылып, олардың тарихи тұрғыда зерттелу барысы мен ерекшеліктері қарастырып жатқанын айтып кетті.

Б.Б. Бұрханов жобадағы батыс тарихнамашыларының ауызша (фольк) тарихты зерттеудегі методологиялық тәсілдері тақырыбына байланысты батыс елдерде ауызша тарихтың пайда болу тарихы мен даму кезеңдері туралы, оның әр елдердегі зерттелу ерекшеліктері туралы баяндап берді.

Семинар соңында институттың ғылыми қызметкерлері сұрақтар қойып, өзара пікір алмастырды.