Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ТАҢДАУ: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДӘСТҮРІН САҚТАУ»


2017 ж. 30 маусымда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының болашақ даму стратегиясын таңдау: қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы академиялық тарих ғылымының дәстүрін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оның жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары және және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазПҰУ, С. Демирел атындағы Университет, т.б. ЖОО-ның профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің, өзгеде бірнеше ғылыми-зерттеу мекемелерінің басшылары мен ғылыми қызметкерлері қатысты (У. Шәлекенов, М. Қойгелдиев, Ә. Құдайбергенов, Т. Омарбеков, Қ. Жұмағұлов, А. Қалыш, Б. Кәрібаев, М. Әбдіров, Н. Әлімбай, Г. Көкебаева, Ғ. Халидуллин, Б. Сатершинов, т.б.).

Модератор институт директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов Институттың алдағы мақсаттары мен міндеттері, замана ағымына сай тарих ғылымының даму бағыттарын анықтауда, бүгінгі әріптестер тарапынан айтылатын ескертулер мен ұсынылатын ұсыныстарды ескере отырып, болашақ жаңа бағыттарды іске асыру жолдары мен жаңа ізденістер жөнінде жан-жақты тоқталды.

Дөңгелек үстел жұмысында негізінен Институттың болашақ старатегиялық жоспары мен міндеттері, оның ЖОО мен ғылыми-зерттеу мекемелерімен екі жақты ынтымақтастық байланысын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын жетілдіру, заманға сай тарихи теориялық-методологиялық ұстанымдарды Институт тарапынан үйлестіріп отыру мәселесі, өзге де ортақ мәселелер мен жобалар жөнінде ұсыныстар кеңінен талқыланды.