Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Обзор


2017 ж. 24 шілдеде Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихғылым дарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық Академиясының академигі, белгілі тарихшы, археолог және этнолог Шәлекенов Уахит Хамзаұлымен кездесті. Қабылдау барысында Институттың алдағы мақсаттары мен міндеттері, замана ағымына сай тарих ғылымының даму бағыттары, отандық этнология ғылымының қазіргі ахуалы, жаңа ізденістердің бағыттары жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті. Кездесу соңында археологиялық қазба жұмыстарымен, ғылыми зерттеулерімен, ұстаздық қызметімен қазақ тарихи ғылымы мен білімінің дамуына зор еңбек сіңіргенірі қайраткер тұлға Уахит Хамзаұлы институт кітапхана қорына және басшысына өзінің қолтаңбасымен соңғы жылдары шыққан бірнеше еңбегін сыйға тартты.