Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Обзор


2017 ж. 2шілдеде Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов қазақтың біртуар ұлы, танымал тарихшы, Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Ермахан Бекмахановтың жұбайы Бекмухаммедова Халима Адамқызымен кездесті. Кездесуге Институт ардагерлер кеңесінің төрағасы, Бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов және бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова қатысты.Институт қызметкерлерін жылы қабылдаған Халима Адамқызы өз естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ институттың болашақ ғылыми жұмыстары жөнінде ақыл-кеңестерін берді. Кездесу барысында институт тарапынан ғалым Е. Бекмаханов атындағы республикалық жас тарихшы ғалымдардың арасында ең үздік ғылыми мақалаларға конкурс ұйымдастырылуына және жеңімпаздарды марапаттау шарасына қатысуға келісті.