Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


1. 08. 2017 ж. «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен институт директоры, тарих ғылымдарының докторы З. Қабылдиновтың кеңесшілігімен дайындалған ғылыми қызметкер Тұңғышбек Байқұловтың «Әулиеата өңіріндегі ашаршылық» атты кітабының тұсаукесері өтіп, бұл іс-шараға гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен институт қызметкерлері қатысты.
Тұсаукесерді ашқан институт директоры 1931-1933 жж. Қазақстанды жайлаған, соның ішінде Жамбыл облысында орын алған аштық зардабын айта келе, ұсынылып отырған жинақтың маңыздылығына тоқталды.

Жинақ авторының айтуынша, өлкедегі ашаршылықтың жайлауына ұжымдастыру науқанынан кейінгі жағдайлардың әсері болған. Енгізілген материалдардың басымы куәгерлердің әңгімелерінен алынған. «Қазақ тарихында аштықтың орны әлі де болса нақты зерттеу нысанына айналған жоқ» дей келе, осы жинаққа енгізілген материалдар 30-шы жылдардағы Қазақстандағы аштық қасіретін ашуға септігін тигізетіндігін атап өтті.

Кітапқа қатысты сөз сөйлеген институт ғалымдары Қ.С. Алдажұманов, А. Тоқтабай жинақтың тарих ғылымындағы маңыздылығын баса көрсетті.

Тұсаукесерге қатысушылар тарапынан автор мен ашаршылық мәселесін зерттеуші ғалымдарға сауалдар қойып, пікірлерімен ортаға салды.