Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ынтымақтастық туралы меморандумға Павлодар облысы әкімдігі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қол қойды


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи зерттеулерді жүзеге асыруға байланысты аймақтық пікірталас алаңы өтті.

Кездесу барысында республика көлемінде алғаш рет Павлодар облысы әкімдігі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Талқылауға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Парламент мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, Павлодар облысы әкімшілігі басқармасының жетекшілері, ғалым-өлкетанушылар, аймақтық университетінің оқытушылары мен тарихшы-ғалымдары, аймақтық жоба кеңесінің мүшелері, сарапшылар қатысты.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының базасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасын ашу турасындағы келісім шартқа қол қойылды.

Пікірталас барысында облыстық әкімшіліктің қаржылай көмегі нәтижесінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен павлодарлық ғалым-тарихшылардың күшімен үштомдық іргелі «Павлодар облысының тарихы» басылымын дайындау мәселесі талқыланды.

Талқылауға түскен негізгі мәселелердің арасында Тарих институтында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларға Павлодар облысы ғалымдарын тарту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірлескен гранттық-іргелі жобаларды даярлау қажеттігі көтерілді.