Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Улытау


09-11.08. 2017 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген «Туған жер» бағдарламасын, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында 09-11 тамыз аралығында Ұлытауда ғалымдардың, «Ақ жол» партиясының өкілдерінің қатысуымен Астана – Жезқазған – Ұлытау бағытында ғылыми экспедиция шығып, Ұлытау өңірінің жәдігерлер кешенін: Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл кесенелерін, Түркі қағандарының ордасы болған – «Хан ордасын» т.б. аралады. 10 тамызда Ұлытау ауылында «Ұлт ұжданы Ұлытаудың қазақ елін рухани жаңғыртудағы рөлі мен орны» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, оның жұмысына Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов қатысып, «Қазақ тарихындағы Ұлытау өңірінің рөлі мен орны» тақырыбында баяндама жасады.

Ұлытау ауданының әкімі Әнуар Омар мен Институт директоры «Ұлытау» энциклопедиясын, Ұлытау туралы монографиялық ғылыми еңбек шығару туралы ынтымақтастық Меморандумына қол қойып, институттың бес томдық академиялық «Қазақстан тарихы» басылымы әкімдікке сыйға тартылды