Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тұғыры биік – Ата Заң»


24.08.2017. Институтта Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Тұғыры биік – Ата Заң» атты дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Т. Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы филиалының төрағасы Д.В. Васильев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы филиалы Кеңесінің мүшесі, т.ғ.к. А.Қ. Жұмәділ, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы барысында конституциялық құрылыс, рухани жаңғыру мәселелері және ұжымның жаңа кезеңдегі міндеттері де кеңінен талқыланды. Сонымен қатар институт ғалымдары дайындаған кітаптарды басып шығаруға отандық кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсету мәселесі де көтерілді.