Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


25 тамыз 2017 жылы Астана қаласында Еуразиялық интеграция институты өткізген «Жаңғыру 3,0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның Пленарлық мәжілісінде институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов «Қоғамдық сананың жаңғыруындағы Қазақстанның тарих ғылымының рөлі мен орны» атты баяндама жасады. Аталған ғылыми форумға Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі Е.Ж. Бабақұмаров, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, с.ғ.д. З.К. Шаукенова, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, с.ғ.к. Б. Әбдіғали және т.б. қатысты. Ғылыми форум барысында екі институт арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.