Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

КЕЙКІ БАТЫР (НҰРМАҒАНБЕТ) КӨКЕМБАЙҰЛЫНА РУХЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРМЕТ


2017 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облысының Арқалық қаласынан аса қашық емес жерде қазақтың танымал батыры Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі өтті. Батыр құрметіне арналған сәулетті кесене көтеріліп, ас беріліп, баба рухына құран бағышталды. Ат жарыс, қазақша күрес, ақындар айтысы ұйымдастырылып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Бұл күннің маңызды шараларының бірі «Кейкі (Нұрмағанбет Көкембайұлы) батыр. Өмірі мен қаза болуының тарихы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Əбдіхалықова, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті депутаты Қ. Сұлтанов құттықтау сөз сөйледі. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов пен ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Н. Әлімбай басты ғылыми баяндамалар жасады. Институт директоры 2017 ж. түскен докторанттардың біріне Кейкі батырдың өмірі мен қызметі туралы диссертациялық зерттеу тақырыбын бекіту туралы міндеттеме алды. Сондай-ақ Институт директоры тарапынан Қостанай облысының әкімі А.М. Мұқамбетовке жергілікті тарихшылар мен өлкетанушыларды тарта отырып «Қостанай облысының тарихы» атты іргелі көптомдық зерттеу дайындау туралы ұсыныс айтылды.