Кезекті методологиялық семинар отырысы

2012 ж. 25 қазан күні Институт қабырғасында кезекті методологиялық семинар отырысы өтті. Негізгі баяндаманы Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Қинаятұлы З. «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы: моңғол ұлыстары дәуірінде (ХІІІ ғ. басы – ХV ғ. соңы)» тақырыбында жасады. Қазақ мемлекеттілігінің дамуына байланысты, мемлекеттілік теориясына байланысты өз пікірін ашып білдірді. Тақырыпқа байланысты осы уақытқа дейін атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен, бөлімнің және өзінің жарыққа шығарған  ғылыми кітаптарымен («Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр», «Қазақ мемлекеті және Жошы хан», «Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті», «Көзқарас (үміт, тарих және адамдар тарихы жайында)», «История казахской государственности») де таныстырып өтті. Аталған мәселені зерттеу барысында өз мемлекетіміздің тұрғысынан қандай көзқараспен келген жөн екенін пайымдап берді. Методологиялық семинар жұмысына институт қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Олар өздерін қызықтыратын мәселелерге орай сұрақтарына жауап алды.  (Смағұлова С.О., Әлімғазинов Қ.Ш., Әбілғожин Ж.Б., Жакишева С.А., Өскенбай Қ.З., Атығаев Н.А., Дәулетханов Ә., Галиев В.З., Құдайбергенова А.И., Рүстемов С.К., Өскембаева Г.Ж., Құрманалина Н.Н., Орынбаева Г.Ү., Әбуов А.Ж., Спабеков Ж.Қ. және т.б.).