Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЕЛІМІЗ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ


2017 ж. 29 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Халықтар келісімі» ҚҚ-ның«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырған «Алаш қозғалысы және «Алаш Орда» үкіметі: бастаулары, қызметінің негізгі кезеңдері және олардың отандық тарихтағы орны» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми конференция жұмысына Алаш қозғалысы және саяси қуғын-сүргін мәселелерін зерттеп жүрген танымал ғалымдармен қатар қуғынға ұшыраған алаш қайраткерлерінің ұрпақтары, Астана қаласы ЖОО студенттері мен магистранттары, ҮЕҰ мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Институт директоры З.Е. Қабылдинов қосалқы модератор болды және басты баяндаманы жасады.

Конференция соңында З.Е. Қабылдинов Евразия университеті студенттері алдында латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жөнінде дәріс оқыды.