Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты РҒА СБ-нің Тарих институты, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА филиалы – Сібір басқару институты, «Сібір-Еуразия» Сараптама клубы және «Ғылым Ордасымен» бірлесе отырып 2017 жылдың 27 қазанында революцияның және Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «1917 жылғы революциялар: Қазақстан мен Ресейден көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция барысында келесі ғылыми мәселелер талқылауға ұсынылады:

  • 1917 жылғы революциялар жөнінде жаңа тарихи көзқарастар;
  • Қазіргі тарихнама және зерттеу әдістері: 1917 жылғы революциялар жөніндегі пікірталастар мен интерпретациялар;
  • Тарихи жад және мәселені қайта қорыту: Алаш қозғалысының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін мәні.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2017 жылдың 25 қазанына дейін koz.mahabbat_85@mail.ru; kazhistory@bk.ru; tolenova@mail.ruэлектронды поштасынаMicrosoft Оffice Word(2003, 2007, 2010) редакторының мәтініндетерілген А4 форматындағы 5-7 бет көлеміндегі мақала жіберілу қажет.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 12 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);

  • Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, мекеме, қала, ел атауы, бір жолдан кейін мақала мәтіні беріледі

  • Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.

  • Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дерек көз бетін көрсету қажет. Мысалы: [ 1, 12 б.].

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

 

Ұйымдастыру комитеті