Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарих ғылымындағы және тарихи білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар: пәнаралық аспект


2012 ж. 4 қазан күні Институт қабырғасында кезекті методологиялық семинар отырысы өтті. Негізгі баяндаманы Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д., доцент Жакишева С.А. «Тарих ғылымындағы және тарихи білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар: пәнаралық аспект» (Новые информационные технологии в исторической науке и историческом образовании: междисциплинарный аспект) тақырыбында жасады. Методологиялық семинар жұмысына институт қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Олар өздерін қызықтыратын мәселелерге орай, яғни тарихи зерттеу жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қалай кіріктіріп қолдануға байланысты сұрақтарын қойып, ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануды үйренуге және институттың техникалық базасын толықтыра түсуге ұсыныстарын білдірді (Әбжанов Х.М., Смағұлова С.О., Әлімғазинов Қ.Ш., Әбілғожин Ж.Б., Жакишева С.А., Галиев В.З., Ксенжик Г.Н., Құдайбергенова А.И., Төлеубаева Г., Рүстемов С.К., Уалтаева А.С., Өскембаева Г.Ж., Құрманалина Н.Н., Орынбаева Г.Ү., Әбуов А.Ж., Спабеков Ж.Қ.).