Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

А. Атамбаев мырзаның мәлімдемесіне сыни көзқарас


Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанның атына айтылған жауапсыз сөздермен ел алдында мәлімдеме жасауы әрине саясаттану ғылымының терминімен қарастырсақ саяси күрес болып табылады. Мұндай әрекетке  саяси көшбасшылар өздерінің биліктік өкілеттіліктерін кеңейту төңірегінде барады. Бірақ, А. Атамбаевтың екі елдің арысындағы жылдар бойы қалыптасқан тату көршілік, Қазақстан жағынан жылдар бойы қырғыз бауырларымызға көрсетілген гуманитарлық көмек, сонымен бірге Ш. Уәлиханов, М. Әуэзов сынды ұлы тұлғаларымыздың жасаған игі істерін сыдырып қойып, жеке басының мүддесін, ел мүддесінен жоғары қоюы бұл үлкен қателік.

«Қырғыз еліне қылыш ұстап келгендер басын қалдырып кетеді» деген сөздің түп төркіні нені меңзеп тұрғаны да баршамызға аян. Қазақ тарихындағы ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғаны, бүгінгі күннің саяси ісіне араластыруы да ел басшысына лайық іс емес.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекет істерінде ел Президенттерінің бірін-бірі сайлау алдында қабылдап, шақырту жасап, қолдау көрсетуі қалыпты жағдай болғандықтан, түймедейден түйедей жасаудың арты екі елдің ынымақтасығы мен достығына сызат түсіруіне апаруы да мүмкін. Бүгінгі күні мынау жаһандану жағдайындағы кезеңде осындай арандатушылық ойлардан елдер арасында қақтығыстардың да туындап жатқаны мәлім. Сондықтан әрбір осындай ту сыртынан жасалған істерге сақтықпен қарау біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін игі іс болары анық.

 

Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының

ғылыми қызметкері З.Б. Байжұманова