Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2017 ж. 23 қазанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қосымша ұйымдастыруымен “Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар даңғыл жол” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Негізгі баяндамашылары институт директоры, т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов, университеттің доценті, ф.ғ.к. Б.Н. Бияров, Қазақстан және гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Ә.Ә. Өскембай, А.Ә. Әлімхан, А.Қ. Сейпутанова, А.А. Айтмұқашова болды. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлының баяндама тақырыбы – “Латын қарпіне оралу – егемендікті нығайту”