Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«1917 ЖЫЛҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДЕН КӨЗҚАРАС»


2017 жылдың 27 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты РҒА Сібір бөлімшесінің Тарих институты, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА филиалы – Сібір басқару институты, «Сібір-Еуразия» Сараптама клубы және «Ғылым Ордасымен» бірлесе отырып революцияның және Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «1917 жылғы революциялар: Қазақстан мен Ресейден көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция жұмысына отандық танымал ғалымдар – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. М.Қ. Қойгелдиев, т.ғ.к. Ә.О. Жандосов және ресейлік Ламин В.А., т.ғ.д., РҒА Сібір бөлімшесінің Тарих институтының директоры, С.В. Козлов, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА филиалы – Сібір басқару институты саясат және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент, Симонов Д.Г., РҒА Сібір бөлімшесінің Тарих институтының директорының орынбасары, т.ғ.к. және ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты мен ҚР Президенті мұрағатының қызметкерлері, қоғамдық ғылымдар Институттарының ғалымдары мен докторанттары, магистранттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында келесі ғылыми мәселелер талқылауға ұсынылды:

  • 1917 жылғы революциялар жөнінде жаңа тарихи көзқарастар;

  • Қазіргі тарихнама және зерттеу әдістері: 1917 жылғы революциялар жөніндегі пікірталастар мен интерпретациялар;

  • Тарихи жад және мәселені қайта қорыту: Алаш қозғалысының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін мәні.

Ғылыми форумда Институт пен РҒА Сібір бөлімшесінің Тарих институты арасында екіжақты ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.