Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


 

2017 ж. 2 қараша күні сағ. 14.00 Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі «Ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмысында төмендегідей келелі мәселелер қарастырылады:

– Ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін жан-жақты талқылау;

– Орталық Азиядағы номад тарихының теориялық мәселелерін дерттеу;

– Ортағасырлық Қазақстан тарихының деректанулық мәселелері бойынша зерттеулер;

– Моңғол (моңғол дәуірінен кейінгі кезең) дәуіріндегі Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер және тарихнама мәселелерін талқылау;

– Қазақ хандығы мен іргелес мемлекеттер тарихы мен тарихнамасы мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихындағы билік институты» гранттық қаржыландыру жобасы аясында жарық көрген «Эволюция института власти в древней, средневековой и новой истории Казахстана и сопредельных государств» (2016 ж.) және «Институт политической власти в средневековой истории Казахстана» (2017 ж.) кітаптарының тұсауы кесіледі.

Дөңгелек үстелге Институттың барлық қызметкерлерін және мәселеге қызығушылық танытатын зерттеушілерді, докторанттар иен магистранттарды шақырамыз.

Дөңгелек үстел өтетін мекен-жай: Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, 205-бөл.

Басталуы: сағ. 14.00.