Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР


2017 ж. 2 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі «Ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысында төмендегідей келелі мәселелер қарастырылды:

– Ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін жан-жақты талқылау;

– Орталық Азиядағы номад тарихының теориялық мәселелерін дерттеу;

– Ортағасырлық Қазақстан тарихының деректанулық мәселелері бойынша зерттеулер;

– Моңғол (моңғол дәуірінен кейінгі кезең) дәуіріндегі Қазақстан тарихы бойынша дерттеулер және тарихнама мәселелерін талқылау;

– Қазақ хандығы мен іргелес мемлекеттер тарихы мен тарихнамасы мәселелерін талқылау.

Іс-шара жұмысы барысында Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихындағы билік институты» гранттық қаржыландыру жобасы аясында жарық көрген «Эволюция института власти в древней, средневековой и новой истории Казахстана и сопредельных государств» (2016 ж.) және «Институт политической власти в средневековой истории Казахстана» (2017 ж.) кітаптарының тұсауы кесілді.

Дөңгелек үстелге Институт қызметкерлері мен Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысып, мазмұнды баяндама жасады: К.Ш. Хафизова, Н.Ә. Атығаев, Ф.М. Шамшиденова, Ж.М. Тулибаева, Қ.З. Өскенбай және т.б.