Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

РМК «ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ»

«ӘДІЛЕТ» ТАРИХИ-АҒАРТУ ҚОҒАМЫ

«КЕНЕСАРЫ ХАН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

ШЫҢҒЫСХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты РМК «Ғылым Ордасы», «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы,

«Кенесары Хан» қоғамдық қоры және Шыңғысхан атындағы Халықаралық академиясымен бірлесе отырып Ұлы Дала елі құрметтеген Кенесары Қасымұлының (1802-1847) туғанына 215 жыл  толуына және ол бастаған ұлт-азаттық көтерілістің (1837-1847) 180 жылдығына арналған «ХАН КЕНЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ СИМВОЛЫ» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысында мынандай өзекті мәселелер талқыланады:

  • Кенесары Қасымұлы – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі;

  • Хан Кене бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және оның тарихнамасы;

  • көтерілістің тарихи маңызы мен салдары;

  • Кенесары ханның ел тәуелсіздігі мен қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі рөлі;

  • Халық жадындағы тарих және ақын-жазушылар шығармаларындағы Хан Кене бейнесі.

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы мына мекен-жайға жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 5-7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2017 жылдың 30 қарашасына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-01-33, 8 (727)261-17-58, 8 (727) 272-6846.

Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: koz.mahabbat_85@mail.ru; tolenova@mail.ru

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 5-7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

МАҚАЛЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

С.К. Рүстемов,

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және

этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

 

1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕСІ ҚАЗІРГІ ТАРИХНАМАДА

 

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________

1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. Сб. Воспоминание и материалов / Сост.: С. Шарипов. – Алма-Ата: Каз. Госиздат, 1937. – 316 с.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.

3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

««ХАН КЕНЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ СИМВОЛЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысынаҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:__________________________________________________________