Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТАРМПУ-МЕН ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


2017 жылдың 15 қарашасында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Дінмұхамед Қонаев – дәуіріміздің ұлы тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ғылыми конференция модераторлығын ТарМПУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарова атқарды. Пленарлық мәжілісте Институт директоры, т.ғ.д., профессор З. Қабылдинов баяндама жасады.

Сонымен қатар, ғылыми форум бағдарламасы аясында болашақта бірлесе жұмыс жүргізу туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.