Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасы»


2017 жылдың 24 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және РМК «Ғылым Ордасы», Халифа Алтай Халықаралық қайырымдылық қоры және «Ер Жәнібек» қоғамдық қоры бірлесе отырып түркі әлеміне кеңінен  танымал дінтанушы-ғалым, қайраткер Алтай Халифа Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толуынаарналған «Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияөткізді.

Конференция жұмысына отандық танымал ғалымдар және ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Президенті архиві, Алматы қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері, қоғамдық ғылымдар институттарының ғалымдары мен докторанттары, магистранттары және Халифа Алтайдың жұбайы мен балалары, немерелері және туыстары, Медеу ауданының бас имамы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы барысында мынандай өзекті мәселелер қаралды:

  • Ұлы дала елі және Халифа Алтай: өмірі мен мұрасы, тағлымы;

  • Дінтанушы-ғалым және қайраткер Халифа Алтай;

  • Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасыныңзерттелу барысы мен бағыттары және Халифа Алтай туралы естеліктер айтылды.

Сондай-ақ ғылыми форум барысында Халифа Алтай туралы кітап көрмесі мен құжатты фильм көрсетіліп, «Алтай Халифа Ғақыпұлы: Библиографиялық көрсеткіш» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді.