Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Зиябек Қабылдиновтың «Астана тарихы» кітабының тұсаукесері («Атамұра» баспасы, 2017 ж.)


Құрметті әріптестер!

Сізді Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлының астананы Алматыдан Ақмола қаласына көшіруінің 20-жылдығына арналған, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының практикалық жүзеге асыруының аясында, «Астана тарихы» («Атамұра» баспасы, 2017 ж.) атты ғылыми кеңінен таралған кітабының тұсаукесеріне қатысуға шақырамыз.

Бұл еңбекте ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін қаланың және оның төңірегінің тарихы, өлкенің атақты тұлғалары (мысалы, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қажымұқан Мұнайтпасұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Мариям Жағорқызы, Х.Болғанбаев, С.Сейфуллин, А.Латута, С.Ғылмани, И.Есенберлин, Ж.Тәшенов, Т.Бигельдинов, Р.Қошқарбаев, С.Нұрмағанбетов және т.б.) туралы, сонымен қатар халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері баяндалған.

Тұсаукесерге Алматы қ. басшылығының, әйгілі тарихшыларының, «Ғылым ордасы» РМК-ның ҒЗИ директорларының, қоғамдық пен мемлекеттік қайраткерлерінің, Алматы қ. мұражайлар мен мұрағаттары басшыларының, ҚР ЖОО-ның ректорларының, Алматы қ. ардагерлерінің, баспалар басшыларының және т.б. қатысуы жоспарланады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

koz.mahabbat_85@mail.ru, тел.: 8 (727) 261-01-33, 8777-367-80-83.

Өтетін күні мен уақыты: 2017 ж. 13 желтоқсан (сәрсенбі), сағат 10.00.

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш, 28, «Ғылым ордасының» Орталық ғылыми кітапханасының конференц залы, 3 этаж.

Өткізу жоспары: 9.30-10.00 – тіркеу, 10.00-10.30 – кітап тұсаукесері, 10.30-11.30 – кофе-брейк.