Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта»


Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, «Ғылым ордасы» РМК, 3-қабат, конференц-зал.

Өтетін уақыты: 2017 ж. 12 желтоқан, сағат 11.00.

Байланыс телефондары: 261 67 19; 261 16 35; 272 68 46.

12 желтоқсанда мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындалған «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» жобасының тұсаукесері және дөңгелек үстел өтеді. Оны ұйымдастырушы жобаны ҚР БжҒМ Ғылым комитетімен келісім-шартқа отырған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. Осы институтпен мемлекеттік тапсырманы орындауға субподряд келісім-шартына қол қойған География институты мен Ақпараттық және есептеу технологиясы институты.

Дөңгелек үстел барысында үш институттың бірігіп жасаған жобаның мазмұны мен нәтижелері көрсетіледі.

Ұсынылып отырған жобаның өзектілігі Қазақстан Республикасы Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында «Қазақстан халқының» интерактивті тарихи картасын жасап шығару туралы бергентапсырмасын жүзеге асыру қажеттілігімен түсіндіріледі («Білім мен ғылым министрлігіне ҚХА-мен бірлесе отырып, ғылыми негізде … интерактивті картаны дайындап, келесі жылғы Алғыс айту күнінде таныстыруды тапсырамын» – (ҚХА-ның ХХV сессиясының №20-39/04-261//17-35-3.1 хаттамасының 3-бабы, 3.2 тармақшасы)

Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 2017 ж. өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бейбітшілік пен тұрақтылық өздігінен орнамайтынын атап өтті. Қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін сақтау мемлекетіміздің басым міндеті болып табылады. Ұлттық бірлікті сақтау жолындағы күнделікті тынымсыз еңбек қазақстандық қоғамды жаһандық әлемде бәсекеге қабілетті тұлғаның жасампаздығына әкеледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Бекимова К.Т. – ҚР БжҒМ ҒК ғылыми сарапшысы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З. Кабульдинов, География институтының директоры Медеу А.Р. және Ақпарат және есептеу технологиялар институтының директоры Қалимолдаев М.Н., Қазақстан халықтарының мәдени орталықтарының өкілдері.

Дөңгелек үстелде мына мәселелерді қарастыру жоспарлануда:

  • Жобаның нәтижесі;

  • Интерактивті карталарды талқылау: пікірлер мен ұсыныстар;

  • «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» – ұлттық бірлікті сақтаудың көрінісі.

Ұйымдастыру комитеті