Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2017 ж. 13 желтоқсанда Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлының астананы Алматыдан Ақмола қаласына көшіруінің 20-жылдығына арналған, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының практикалық жүзеге асыруының аясында, «Астана тарихы» («Атамұра» баспасы, 2017 ж.) атты ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өткізілді.

Бұл еңбекте ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін қаланың және оның төңірегінің тарихы, өлкенің атақты тұлғалары (мысалы, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қажымұқан Мұнайтпасұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Мариям Жағорқызы, Х.Болғанбаев, С.Сейфуллин, А.Латута, С.Ғылмани, И.Есенберлин, Ж.Тәшенов, Т.Бигельдинов, Р.Қошқарбаев, С.Нұрмағанбетов және т.б.) туралы, сонымен қатар халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері баяндалған.

Тұсаукесерде модератор ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрсан Әлімбай және «Атамұра»баспасы» корпорациясының президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали болды. Сонымен қатар құттықтау сөздер мен пікір айтқан келесі адамдар: Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы – т.ғ.к., институттың бас ғылыми қызметкері, Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы – т.ғ.д., Халықаралық Бизнес университетінің профессоры, Борбасов Саин Молдағалиұлы – с.ғ.д., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры, Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлы – т.ғ.д., әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Геттинген университетінің профессоры, Балтабаева Күлғазира Нұранқызы – т.ғ.д., әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті Түлектер ассоциациясының атқарушы директоры, Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы – т.ғ.д., институттың бас ғылыми қызметкері, профессор. Қонақтар ретінде тұсаукесерге әйгілі тарихшылар, «Ғылым ордасы» РМК-ның ҒЗИ директорлары, Алматы қ. мұражайлар мен мұрағаттарының басшылары, жетекші ЖОО-ның ректорлары, баспалар басшылары, БАҚ, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер шақырылды.