Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ» ИНТЕРАКТИВТІ ҒЫЛЫМИ ТАРИХИ КАРТА: ҚҰРУ ТƏЖІРИБЕСІ ЖƏНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ»


27.12.2017 ж. Институтта «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта: құру тəжірибесі жəне ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі» атты Республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов кіріспе сөзбен конференцияны ашты. Ақпараттық жəне есептегіш технологиялар институты директорының орынбасары, PhD доктор Мағзом Мирас өз баяндамасында «Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи карта» жобасының жасалу технологиясымен таныстырып өтті. Интерактивті карта туралы мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады: map.iict.kz/map. ҚР Президенті архиві директорының орынбасары, т.ғ.д. Қ.Ш. Əлімғазинов жобаның тұжырымына, мазмұнына, карталарға қатысты өз ойын айтып, ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ өз пікірлерімен ҚР Президент архивінің бөлім басшысы Е.В.Чиликова, География институтының жетекші ғылыми қызметкері Қ.С.Оразбекова, Институттың жетекші ғылыми қызметкері Ә.Дәулетхан, А.У.Тоқтабай,А.И. Құдайбергенова және Түрік мәдени орталығы қызметкерлері бөлісті. Конференция соңында қарар қабылданды.