Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ» ИНТЕРАКТИВТІ ҒЫЛЫМИ ТАРИХИ КАРТАНЫ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»


28.12.2017 ж. Институтта «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» жобасына қатысты «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаны талдау ерекшеліктері» атты семинар өтті. Семинарды ашқан Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов Жоба бойынша жүргізіліп жатқан істерге кеңінен тоқталып, осы жобаны бірлестікте жүзеге асырып отырған География институты және Ақпараттық және есептегіш технологиялар институттарының да үлесін айтып өтті. Өз сөзінде ТЭИ директоры Елбасы тапсырмасы бойынша жасалған картаның негізгі мақсаты – Қазақстан территориясындағы байырғы ұлт – қазақ халқының және өзге этностардың қалыптасуы мен қоныстану тарихына көрнекі түрде көрсету екендігіне тоқталды.

Семинарда АЕТИ бас директорының орынбасары Мағзом Мирас баяндама жасап, Интерактивті картаны келген қонақтарға слайдтар арқылы сипаттады.

География институтының жетекші ғылым қызметкері, география ғылымының кандидаты Қ.С. Оразбекова жобаның материалдарының дайындалу, картографиялық, масштабтау, векторизациялау, алынған материалдарды сандастыру мәселелерін ашып көрсетті. Семинарға келген қонақ, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы К.В. Мамсуров интерактивті картаны жасап жатқан жұмыс тобына орталық атынан алғыс білдірді және өзінің ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ семинарға қатысқан тарихшы ғалымдар А.У. Тоқтабай, Ә.Қ. Шашаев, Ә. Дәулетхан, А.С. Уалтаева, географ ғалым Егембердиева өз пікірлерін ортаға салды.