Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан мен Ресей: достық және тату көрші жолымен» атты дөңгелек үстел және Т.И. Тугайдың «Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы жолы» (Орынбор, 2017, орыс тілінде) кітабының тұсаукесері


2018 ж. 31 қаңтарда сағат 14.00-де «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасының конференц-залында «Қазақстан мен Ресей: тату көрші және достық жолында» атты дөңгелек үстелдің отырысы мен «Оренбургский путь Ахмета Байтурсунова» Т.И. Тугай (Орынбор, 2017) кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылары Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, А. Байтұрсынов ат. Тіл білімі институты, Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымы (РФ), «Бәйтерек» қайырымдылық қоры (РФ), «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы болды.

Дөңгелек үстелге ғалымдар, қоғам қайраткерлері, магистранттар мен докторанттар, БАҚ-ы қатысты. Модераторлар ретіндеЗ.Е. Қабылдинов – т.ғ.д., профессор, Ш.Ш. Уалиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, Е. Қажыбек – филол.ғ.д., профессор, А. Байтұрсынов ат. Тіл білімі институтының директоры, С.С. Таикешева – Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымының төрағасы сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел шеңберінде Ресей федерациясы мен Қазақстанның шекаралық қарым-қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды. Келесі ғалымдар баяндамалар жасады: Любичанковский Сергей Валентинович – орыс мемлекеттілігі мен күнделікті өмір тарихы жөнінде танымал маманы, тарих ғалымдарының докторы, профессор, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, Таикешева Сауле Совхозовна – Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымының төрағасы, Байтурова Бигайша Совхозовна– «Бәйтерек» қайырымдылық қорының (РФ) қазақстандық өкілділігінің төрағасы. Іс-шара барысында Тарих және этнология институты мен Орынбор облысының Мемлекеттік архиві және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.