Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаны» дайындау бойынша жұмыс тобының мәжілісі


2018 ж. 9 ақпанда «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаны» дайындау бойынша жұмыс тобының мәжілісі өтті. Ұйымдастырушылар ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Ақпараттық және есептеу технологиялар институты, География институты. Құттықтау сөз ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Әбдрасилов Болатбек Серікбайұлы және ҚР Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылық бөлімінің меңгерушісі Жолдыбаев Азат Амандықұлы. Модератор ретінде Институт директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы және География институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Медеу Ахметқал Рахметұллаұлы баяндама жасады.

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаның» тұсаукесері бойынша Ақпараттық және есептеу технологиялар институты бас директорының орынбасары, PhD Мағзом Мирас баяндама жасады. Өз пікірлері мен ескертпелерін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бас сарапшысы Бекимова Кенжегүл Төкенқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, с.ғ.д. Калашникова Наталья Павловна, және ҚР Президент архиві директорының орынбасары, т.ғ.д. Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы ұсынды.