Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдиновтың 2017 жылғы институттың жұмыс нәтижелері бойынша жыл сайынғы есебі


2018 ж. 19 ақпанда сағат 11.00-де «Ғылым ордасының» Орталық ғылыми конференц-залында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлының 2017 жылғы институттың ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмыс нәтижелері бойынша жыл сайынғы есебінің тыңдауы өтеді. Бұл іс-шара жалпы жұртшылықты институт қызметінің негізгі бағыттарымен, даму келешектерімен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Іс-шара аясында институттың келесі соңғы жетістіктері талқыланады:

1. Ғылыми жобаларды орындау жөнінде;

2. Институттың ғылыми еңбектері (монографиялар, конференциялар жинақтары, оқулықтар және т.б.);

3. Жыл ішіндегі өткізілген шаралары (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) туралы;

4. Институттың баспа қызметі туралы («Отан тарихы» журналы мен edu.e-history.kz/ru электрондық журнал);

5. Қол қойылған меморандумдар жөнінде.

Ұйымдастырушы: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты.

Қатысушылар: ғалымдар, институт ардагерлері, қоғамдық қайраткерлер, магистранттар мен докторанттар, БАҚ, жалпы жұртшылық өкілдері.

Іс-шараны өткізу тілдері: қазақша, орысша.

Өтетін күні мен уақыты: 2018 ж. 19 ақпан, басталуы – сағат 11.00.

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» РМК, 3 қабат, Орталық ғылыми кітапхананың конференц-залы.

Байланыс деректері: 261-01-33,8771-749-10-05 (Морякова Малика), эл.пошта: kazhistory@bk.ru.

Ұйымдастыру комитеті