Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

О.И. Исмағұлов және А.О. Исмағұлованың «Қазақ халқының пайда болуы» (физикалық антропология деректері бойынша) кітабының тұсаукесері


2018 ж. 23 ақпанда сағат 15.00-де «Ғылым ордасының» РМК Кіші конференц-залында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты алғашқы қазақ антропологы, қазақтардың генетикалық құрамын зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі О.И. Исмағұлов және А.О. Исмағұлованың «Қазақ халқының пайда болуы» (физикалық антропология деректері бойынша) кітабының тұсаукесерін өткізеді.

Бұл монографияда қазақ халқы мен олардың ата-бабаларының физикалық антропологиясы бойынша кешенді зерттеулердің нәтижелері көрсетіледі. Зерттеу еңбегі ежелгі тарихи кезеңдерден қазіргі заманғы адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне дейінгі адам сүйектерінің қалдықтарын зерттеуге қатысты нақты антропологиялық деректерге негізделген. Қазіргі кезде бұл еңбек «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында, отаншылдық пен қазақстандық бірегейлігінің қалыптасуында өте маңызды болып саналады.

Ұйымдастырушы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Қатысушылар: ғалымдар, институт ардагерлері, қоғамдық қайраткерлер, магистранттар мен докторанттар, БАҚ, жалпы жұртшылық өкілдері.

Іс-шараны өткізу тілдері: қазақша, орысша.

Өтетін күні мен уақыты: 2018 ж. 23 ақпан, басталуы – сағат 15.00.

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» РМК, 3 қабат, Кіші конференц-зал.

Байланыс деректері: 261-01-33,8771-749-10-05 (Морякова Малика), эл.пошта: kazhistory@bk.ru.

Ұйымдастыру комитеті