Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдиновтың 2017 жылғы жұмыс нәтижелері мен 2018 жылғы міндеттері туралы жылдық есебі (Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арналған Жолдауының жүзеге асыру тұрғысында)


2018 ж. 19 ақпанда «Ғылым ордасының» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлының 2017 жылғы институттың ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмыс нәтижелері бойынша жылдық есебінің тыңдауы өтті. Бұліс-шара жалпы жұртшылықты институт қызметінің негізгі бағыттарымен, даму келешектерімен таныстыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға архив пен гуманитарлық саладағы институттар өкілдері,ғалымдар, институт ардагерлері, қоғамдық қайраткерлер, магистранттар мен докторанттар, БАҚ, жалпы жұртшылық өкілдері қатысты.

Есепте институттың соңғы жетістіктерін талқылау бойынша мәселелер қозғалды: ғылыми жобаларды орындау жөнінде, институттың ғылыми еңбектері (монографиялар, конференциялар жинақтары, оқулықтар және т.б.), жыл ішіндегі өткізілген шаралары (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) туралы, институттың баспа қызметі туралы («Отан тарихы» журналы мен edu.e-history.kz/ru электрондық журнал), қол қойылған меморандумдар және 2018 жылғы мақсаттар туралы.

2017 жылы Институтта 2015-2017 жж. гранттық қаржыландырудың 2 жобаны аяқтау бойынша жұмыс жүргізілді: «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес аймақтар тарихындағы саяси билік институты», «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)».

2017 ж. шілде айынан желтоқсанға дейін Институт келесі тақырыптар бойынша екі мемлекеттік тапсырманы жүзеге асырды:

  • «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» (Ақпараттық және есептеу технологиялар институты және География институтымен бірлесіп);

  • «Қазақстанның киелі географиясы» жобасына енгізу үшін объектілерді іріктеудің ғылыми негізделген критерийлерін тұжырымдау және объектілердің қорытынды тізбесін жасау» (Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтымен бірлесіп).

2017 жылы ҚР БҒМ 2018-2020 жж. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына институт 33 жоба ұсынды. 2018 ж. 17 қаңтардан №1 ҰҒК шешімі бойынша 2018-2020 жылдарға 118 794 908, 28 теңге жалпы қаржыландыру көлемімен 6 жоба мақұлданды:

1) «Қазақстан ескерткіштануы: теориялық, ғылыми- методикалық және қолданбалы мәселелері» (Әжіғали С.Е.);

2) «Қазақстанның ұлттық әскери құрылымдары соғыс майдандарында (1941-1945)» (Алдажұманов Қ.С.);

3) «Қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы мифты жасау үрдістер мен бұрмалаудың рухани жаңғыруға қауіпі ретінде» (Абылхожин Ж.Б.);

4) «Өзбекстандағы қазақтың киелі жерлері (Жалаңтөс батыр, Төле, Айтеке билердің қабірлері т.б.), пайда болуы, зерттелу тарихы, қазіргі кездегі жағдайы» (Тоқтабай А.У.);

5) Қазақтың көшпелі қауымы: контекст, құрылымы, функциясы (ХVІІІ – ХХ ғ. басы) (Әлімбай Н.);

6) «АЛЖИР-де азап шеккен аналар тағдыры (1938-1953 жылдары)» (Сәрсембина Қ.Қ.).

ҚР БҒМ 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты 6 бағдарлама ұсынды. ҰҒК шешімі бойынша және ЖҒТК (Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияға) қарастыруға 3 бағдарлама жіберілді:

1) «Қазақстанның тарихи энциклопедиясы» (Рүстемов С.К.);

2) «Қазақстанның мемлекеттілік тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұрасы (қоғамның рухани жаңғыру негізінде)» (Қозыбаева М.М.);

3) «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» (Қабылдинов З.Е. (ТжЭИ-нан).

2017 жылы Институттың бірнеше қызметкерлері медальмен («Еңбек ардагері» – Алдажұманов Қ.С.), құрмет грамотасымен (Төленова З.М.) марапатталды, мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері (Уалтаева А.С.) болды және алғыс хаттар (Қабылдинов З.Е.) алды.

2017 жылы қазан айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің шешімімен Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының негізінде тарихи мамандықтар бойынша докторанттардың отандық ғылым үшін өзекті диссертация тақырыптарын бекіту бойыншаКоординациялық кеңес қайта құрылды.

Институттың 2017 ж. ғылыми-зерттеу жұмысы қорытындысының көрсеткіштері:

– монографиялар шығару – 3;

– жинақтар шығару – 5;

– БҒСБК ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар – 25;

– нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланғаншетелдік ғылыми басылымдарда ғылыми мақалалар – 13;

– халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарындағы жарияланымдар – 63;

– БАҚ-да мақалалар – 43;

– сайттардағы жарияланымдар – 81.

2017 жылдан Институттың http://iie.kz/ сайты 7 тілде қызмет атқарады: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік, қытай, француз тілдерінде.

Институт негізінде БҒСБК ұсынған екі журнал басылады: «Отан тарихы» ғылыми журнал және «e history.kz» (edu.e-history.kz) халықаралық ғылыми электрондық журнал. Жалпы 2017 жылы «Отан тарихы» журналының 4 нөмірі (№1–22; №2 –16; №3–17; №4–16) шығарылды, оның ішінде 71 мақала – қазақ (34), орыс (35) және ағылшын (2) тілдерінде жарияланды. «e-history.kz» (edu.e-history.kz) Халықаралық ғылыми электрондық журналында 2017 жылы №1–41; №2 – 39; №3 – 25; №4 – 28, жалпы 133 мақала жарияланды.

2017 жылы Институтта келесі ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізілді:

– ғылыми конференциялар – 3,

– республикалық конференциялар – 5,

– дөңгелек үстелдер – 8,

– методологиялық семинарлар – 5,

– тұсаукесерлер мен көрмелер – 3.

2017 жылы жалпы шетелдік және отандық ҒЗИ, ЖОО-ы мен облыстық әкімдіктерімен 17 меморандумдар мен ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

2017 ж. желтоқсанда қазақтар арасындағы тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханов атындағы аудиториясының ашылуы өтті. Құжаттық және сурет материалдарын жинауында ғалымның туыстары, ҚР Президент архиві және ҚР Орталық мемлекеттік архиві белсенді қатысты, «Кенесары Хан» қоғамдық қоры демеушілік көмегін білдірді.

2017 жылы 2 PhD докторлық диссертация қорғалды, «Тарих» мамандығы бойынша 9 магистранттар оқуды аяқтады. 2017 жылы мақсатты гранттқа 3 докторант (1 – әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 2 – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ), 12 магистрант түсті. Магистранттар мен докторанттар Италия, Германия, АҚШ, Жапония, Түркия және т.б. әлемдік жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өтеді. Институтта 25 адамнан құрылған Жас ғалымдар кеңесі қызмет атқарады.

2017 жылы желтоқсанда ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми ұйымдарының жас ғалымдарына арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бойынша 6 жас ғалымдар жалдама пәтерлер алды. Институтта кәсіподақ комитеті (төрағасы – Ә.Қ. Шашаев) және Ардагерлер кеңесінің (төрағасы – Қ.С. Алдажұманов) қызметі қайта құрылды.

Жиналған көпшілік талқылауға белсенді қатысып, соңынан жылы лебіздері мен ұсыныстарын (ҚР Президенті архивінің директоры Б.Ә. Жапаров, профессорлар – М.Ж. Абдиров, Ғ. Халидуллин, К.Ш. Хафизова және т.б.) айтты. Отырыс соңында З.Е. Қабылдиновтың 2017 жылғы Институттың ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмысы нәтижелері бойынша жылдық есебі мен 2018 жылғы міндеттері туралы есептік баяндамасын қабылдансын деген қарар бір ауыздан қабылданды.