Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АЛМАТЫДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДАРЫНДЫ МАМАНДАРДЫ ШАҚЫРАДЫ!


Қазіргі уақытта Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (ары қарай – ТжЭИ) республикамыздың барлық аймақтарынан талантты тарихшылары мен этнологтарын іздестіруді және шұғыл іріктеуді жүргізеді. Жаңа ғылыми жобаларды, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруларды және мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыру үшін бакалавр, магистр және доктор PhD, кандидат және тарих ғылымдарының докторы дипломдарына ие жоғары білікті мамандар қажет. «Болашақ» президенттік бағдарламаның түлектері мен шет елдік отандастарымызды да қуана қарсы аламыз.

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

  1. Мұрағаттарда, музейлер мен кітапханаларда жұмыс жасай алатын жақсы дағдыланған өз саласының жоғарғы дәрежелі біліктілігі.

  2. Мемлекеттік және шетел тілдерін білу.

  3. КССОН, РИНЦ, Scopus және т.б. деректер базаларына енген ғылыми жариялымдарының болуы.

  4. Тарихи-этнологиялық, мұражайлық, мұрағаттық экспедицияларға қатысуы.

  5. Жоғары жұмыс қабілеттілігі, ақпараттық-коммуникативтік технологияларға ие болуы.

  6. Жақсы адами қасиеттердің болуы (топта жұмыс жасау қабілеті, кішіпейілділік, атқарушылық тәртіптің болуы және т.б.) дауқұмарлықтан, өсек-аяңнан, шағым түсіруден, сөз тасудан және пәлеліктен аулақ болу.

  7. Тарих ғылымы мен отанымыз ҚР-на адал болу.

  8. Белгілі тарихшы-ғалымдардан алынған 2 ұсыныс хат.

2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ШАРТТАРЫ:

1) 2018-2020 жылдары ТжЭИ ұтып алған жобалар:

– гранттық қаржыландырудың 6 жобасы;

– 3 БМҚ (бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру);

– 1 мемлекеттік тапсырмасы;

2) 2017 жылы ҚР БҒМ ҒК қолдауымен ТжЭИ жас ғалымдар үшін 6 жалдамалы пәтер алды. Мұндай бағдарламаның жалғасатын мүмкіндігі бар.

3) 2018 жылы «Көне заманнан бүгінгі күнге дейін… облыс тарихы» атты көптомдықтарды дайындауды 3 облыстық әкімдікпен алдын ала келісім бар (қосымша жалақы).

4) Жоғары білікті және жұмысқа қабілетті қызметкерлер 1,5 төлеммен жұмысқа қабылданады.

5) 2017 жылы Тарих және этнология институты біліктілікті жоғарлату үшін мақсатты гранттарға ие болды:

– магистратураға – 12 орын;

– доктарантураға – 3 орын;

Жас мамандардың жалпы конкурстан тыс, мақсатты грант бойынша магистратура мен докторантураға түсуіне, 2018 жылы ТжЭИ үшін квоталар ықтималдығымен күтілетін жоғарылауына мүмкіндік болады).

6) Көптеген байқауларға, жүлделерге, шәкіртақыларға, сондай-ақ халықаралық және ұлттық жобаларда («Горизонт 2020», Тұңғыш Президент Қоры – Ұлт көшбасшысы, Елшіліктер, Халықаралық қорлар, жебеуші және т.б.) қосымша жұмысқа қатысу мүмкіндігі болады.

Өзіңіздің түйіндемеңізді және еңбектер тізімін ТжЭИ-ның кадрлар бөліміне kazhistory@bk.ru электрондық поштасына жіберуді өтінеміз. Институт директоры сіздің құжаттарыңызды жеке өзі қарастырады. Түйіндемені қабылдау – 2017 жылдың 25 наурызына дейін.