Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2018 жылы 27 наурызда институт Алматы қаласы Білім басқармасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық офисі және Білім берудегі жаңа технологиялардың  қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыру іс-шараларының желілік кестесіне сәйкес «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері»  ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында тарихшы мұғалімдер мен тарихшы ғалымдардың, әдіскер ғалымдарға арналған қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері»  ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асырудың мазмұндық, әдістемелік, ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін тарих пәні мұғалімдерінің тарихшы-ғалымдармен, әдіскер-ғалымдармен, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер авторларымен (Бакина Н.С.) пікір алмасуына жағдай туғызу.

            Конференция жұмысының мақсаттары:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдары және олардың білім беру ұйымдарында жүзеге асырудың маңыздылығы;

– «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері»  Ұлттық жобалары тұжырымдарының орта білім беру ұйымдары тарих пәнінің оқу бағдарламаларында, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінде  көрініс табуы;

– «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» Ұлттық жобаларын жүзеге асыру аясында оқушылардың жобалық, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;

– «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» Ұлттық жобаларын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы мұражайларының мүмкіндіктері арқылы оқушыларда қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.

Конференция жұмысына институттың ғалымдары (Шашаев Ә.Қ., Шамшиденова Ф.М.), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Омарбеков Т.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қызметкерлері, «ДББ «НЗМ» АҚ өкілдері (Диханбаев Д.С.), баспалардың өкілдері, оқу-әдістемелік кешендердің авторлары, білім беру ұйымдары мен әдістемелік сала қызметкерлері қатысты.