Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2018 жылы 3 сәуірде институтта әл-Фараби ат. ҚазҰУ білім беру бағдарламасы бойынша «Ғылым ордасы» негізіндегі (Ғылыми кадрларды дайындау орталығында) 2 курс магистранттарының магистрлік диссертация жұмыстарының талқылауы өтті. Іс-шараға Институт басшылығы, магистранттардың ғылыми жетекшілері, 1, 2 курс магистранттары мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Келесі 2 курс магистранттарының диссертациялық жұмыстары талқыланды: Искакова А., Мамырайхан Е., Муратова С., Оқали С., Рашидов Р., Серіков А. Жұмыстарды талқылау барысында өз пікірлері мен диссертацияларды аяқтау бойынша ұсыныстарын институт ғалымдары Уалтаева А.С., Құдайбергенова А.И., Тоқтабай А.У., Рүстемов С.К., Шамшиденова Ф.М. білдірді.