Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайрымдылық қоры және Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап «Отырар» кітапханасы 2018 жылдың 18 сәуірінде «Орбұлақ шайқасының әлемдік тарихи маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Осы конференцияның жұмысы барысында мынадай мәселелер талқыланады:

– Орбұлақ шайқасының Орталық Азия халықтарының тарихындағы орны мен рөлі;

– қазақ қолбасшылары Жәңгір мен Жалаңтөс баһадүрдің әскери өнерді дамытуға қосқан үлесі;

– жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі қазақ батырларының ерлігі;

– көшпелі қазақ қоғамындағы әскери өнерді зерттеудегі дерек көздері, теориялық-методологиялық ұстанымдар мен жаңа тұжырымдамалар;

– Отан қорғаудағы өнегелі істерді өскелең жас ұрпақ арасында насихаттау;

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 10 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2018 жылдың 18 сәуіріне дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727)261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 16 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________