Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғылым күні


2018 жылы 10 сәуірде «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасы Ғылыми қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс болды. Жиналысқа Қазақстанның академиктері мен белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, жас ғалымдар, өзге де қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиналысты Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж. Жұрынов ашып, ғылыми қоғамдастықты төл мерекесімен құттықтады. Білім және ғылым вице-министрі Ешенқұлов Т.И. сөйлеген сөзінде Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің еліміздің ғалымдарына деген сәлемдемелік жолдауын жеткізді, сонымен қатар қатысушыларға ғылымның ағымдағы жай-күйі мен оның даму болашағы туралы баяндап берді.

Жиналыс барысында ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға ҚР БҒМ ведомстволық марапаттарын, ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамоталары мен алғысхаттарын табыстау рәсімі өтті. Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы медальмен марапатталған.

Аталмыш іс-шарада сөз алған ғалымдар өз кезегінде Елбасының ғылымды қажетсінетін экономиканы дамыту, қоғамдық сананы рухани жаңғырту және Қазақстан ғылымын  заманауи деңгейге шығару бағытындағы саясатына қолдаушылық танытты.