Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2018 жылдың 13 сәуір күні ҚР Мемлекеттік орталық музейінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірігіп «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өтті. Іс-шара аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаевтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорында сақталған жеке заттары мен құжаттарының көрмесі, Республикамыздың этнологтарының күштерін біріктіру мақсатында Құрылтай мәжілісі мен Республикалық этнологтар мен антропологтар ассоциациясының тұсаукесерін өткізілді; «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 5 томдық энциклопедия» (ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай) ғылыми басылымның тұсаукесері өтті, сонымен қатар этнография ғылымының соңғы 10 жылдықта жеткен жетістіктерін баяндайтын кітаптар көрмесі болды, жаңа басылымдардың тұсаукесері, ғылыми әдебиеттерді көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияға атақты этнологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдардың, жоғары оқу орындарының музейлердің қызметкерлері, ғылым мен мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік қызметкерлері, және БАҚ өкілдері қатысты. Баяндама жасаған ғалымдар: т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали, Йедитепе университетінің профессоры А. Аджалоғлы, профессор М.Қ. Әбусейітова, т.ғ.д. К.Ш. Хафизова, т.ғ.д., ҚР ҰҒА мүше-корр. Б.Б. Кәрібаев және т.б.