Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Халық тарихындағы Орбулақ шайқасы


2018 жылдың 18 сәуір күні Шымкент қаласында М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламаны практикалық жүзеге асыру аясында Орбулақ шайқасының 375-жылдығына арналған «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы Жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Институт бірлескен ұйымдастырушысы болды, ал директор З.Қабылдинов – жоғары форумның ортақ модераторы ретінде баяндама жасады.

Сол күні, танымал меценат, қоғамдық қайраткер, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» Халықаралық қайырымдылық қорының директоры Б.Тұрғараевтың бастамасымен жəне жеке қаражатына Жәңгір хан мен Жалантөс батырдың құрметіне салынған ескерткіштің салтанатты ашылуы өткізілді.

Негізгі баяндамашылары ретінде Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Ж. Мәлібекұлы, И. Арабаев ат. Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры Т. Əбдірахманов, сонымен қатар атақты отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, ардагерлік ұйымдар мен әскери бөлімдерінің өкілдері болды.