Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР Орталық мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды


2018 ж. 24 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы мен ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Мұқатаев Данияр Сержанұлы арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісім бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға, дөңгелек үстел өткізуге, тематикалық көрмелер және басқа да қоғамдық шаралар ұйымдастыруға, ақпараттық қызмет көрсету және консультативтік көмек көрсетудің әртүрлі аспектілерін қарауға; бірлескен жобаларға қатысуға және ғылыми баспа өнімдерін ұсынуға, сондай-ақ әртүрлі профильдік мәселелер бойынша ғылыми коллегиалдық органдарға қатысуға күш біріктіру және жаңа мүмкіндіктер ашу туралы мәселелер қарастырылды. Институт пен архивте шығатын мерзімдік басылымдарда ғылыми қызметкерлердің еңбектерін жариялау туралы мәселелері ерекше маңызға ие болды. Олар: «Қазақстан мұрағаттары» және «Отан тарихы», «edu.e-history.kz» электронды журналы.

Кездесу барысында архивтің ғылыми кадрларын Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында магистратура және докторантура бойынша мақсатты түрде оқыту және Орталық мемлекеттік архивте болашақ мамандарды (мұрағатшылар мен тарихшылар) ғылыми практикадан өткізу туралы мүмкіндіктерінің мәселесі талқыланды .