Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


 2018 ж. 24 сәуір күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіне қойылған мәселелердің барлығы талқыланды. Бірінші кезекте Жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің 2018 ж. жаңартылған құрамы бекітілді. Келесі Жас ғалымдар кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Ол бойынша Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері дөңгелек үстел, конференция, дәріс, байқау ұйымдастыру шараларын өткізуге міндеттелген. Сонымен қатар, жас ғалымдар өз зерттеу бағыттары бойынша шетелдік рецензияланатын басылымда, ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бекітілген журналдарда, шетелдік басылымдарда, конференция жинақтарында мақала жариялауға міндет алды. Жастар БАҚ-да да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне орай мақала жариялау жоспарын қолдады. Күн тәртібіне сай «Ақ жол» демократиялық партиясы 2018 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауына Институттың Жас ғалымдар кеңесінің атынан қатысу туралы мәселе қарастырылды. Бірнеше жас ғалымға өз бақтарын сынап, аталған байқауға қатысуларына ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар ТМД жас тарихшы-ғалымдардың Халықаралық жазғы мектебінің жұмысына Институттағы жастардан бару үшін лайықты қатысушылар ұсынылды. Отырыс нәтижесінде қаулы қабылданып, атқарылуға тиісті міндеттер көрсетілді.