Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Казахи Омского Прииртышья» энциклопедиясының тұсаукесері


2018 ж. 25 сәуірде РМК «Ғылым ордасының» Кіші залында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Казахи Омского Прииртышья» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Қазіргі уақытта Ресейде шамамен 1 миллион қазақтар тұрады, оның ішінде 100 мың Омбы облысының түбегейлі тұрғындары болып саналады. Институт директоры З.Е. Қабылдинов осы басылымның кеңесшісі және құрастырушыларының бірі болды. Іс шара барысында көрнекті мемлекет,  қоғам қайраткерлері мен ғалымдар баяндама жасады. Мысалы: Б. Тұрсынбаев, Г. Кеменгерова, К. Сейітова, А. Құдайбергенов және т.б., өз пікірлерін айтып, екінші басылымда энциклопедия мазмұнын одан әрі жетілдіру жөнінде бағалы ұсыныстар жасады.