Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру тарихын зерттеудің әдіснамалық тәсілдері» атты семинар


2018 ж. 26 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты ҚР Орталық мемлекеттік мұражайымен бірлесіп «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру тарихын зерттеудің әдіснамалық тәсілдері» атты семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты тың және тыңайған жерлерді игеру тарихының әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және ұлттық-этникалық қырларын зерттеудің негізгі әдістемелік тәсілдерін анықтау болды.

Семинар аясында тақырыпты меңгеру, қолданыстағы тәсілдерді зерттеу бойынша теориялық мәселелер талқыланды. Институт директоры З.Е. Қабылдинов кіріспе сөзімен семинарды бастап, тыңайған жерлерді игеру аймақ тұрғындары өмірінің барлық салаларында үлкен өзгерістерге алып келгенін атап өтті.Институттың бас ғылыми қызметкері Қ.С. Алдажұманов Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру саясатын жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің даму тарихын зерделеу мәселелері мен келешегін атап өтті. Тарих ғылымдарының докторы З.Г. Сақтағанова нәтижелер мен қарама-қайшылықтар туралы мәселені көтеріп, тың және тыңайған жерлерді жаппай жыртудың тиімділігінің қолдаушылары мен қарсыластары туралы баяндама жасады. Г.Ү. Орынбаева Кеңестік және Қазақстандық тарихнамада да осы мәселені шешудің түрлі тәсілдерін атап өтті.Мұражай қызметкерлері осы кезеңдегі құжаттар жинақтарын, Қазақстандағы тың жерлерді игерген соңғы буын өкілдерінің жеке сұхбат деректері туралы мәліметтерді жинақтап қайта шығару идеясын ұсынды.