Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты Ш.Ш. Уәлихановты еске алу кешіне орай облыстық ғылыми-теориялық конференция


2018 жылы 27 сәуірдеАлматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық музейінде «Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты Ш. Уәлихановты еске алу кешіне орай облыстық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция қонақтары алдымен Ш.Уәлиханов зиратына тағзым етіп құран бағыштады. Шанханай ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің экспозициясы және Алматы қаласындағы Орталық музейдің «Шоқан асулары» атты көрмесінің ашылуын тамашалады.

Конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының қызметкерлері белсенді қатысты. Институт директоры т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов «Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы» тақырыбында баяндама жасаса, Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері және PhD докторанты Р.Е. Оразов «Қос тұлға – Шоқан Уәлиханов және Сыздық Кенесарыұлы: тарих және тағдыр» атты тақырыпта баяндама жасады.