Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қызылорда облысы Астананың 20-жылдығын атап өтті


2018 ж. 3 мамырда Қызылорда облысы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруінің 20-жылдығына арналған «Кызылорда – екі ғасыр куәсі, Астана – болашақтың бағдары» атты республикалық конференция өткізді. Конференцияны облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы ашты. Сенатор Мұхтар Бахтиярұлы құттықтау сөз айтты. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры З. Қабылдинов форумның Пленарлық отырысында «Астана – еларалық ынтымақтың кепілі» тақырыпқа баяндама жасады. Конференция барысында Институт пен облыстық әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді, онда «Қызылорда облысының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты үш томдық қолжазбаны басылымға дайындау қажеттілігі анықталған. Қазіргі кезде институт тұжырымдаманы, жұмыс құрылымын және атқарушы топты қалыптастыру бойынша жұмыстарды бастады.