Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарих ғылымы және «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы


2018 ж. 11 мамырда Павлодарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадысова Роза Жұмабайқызын еске алуына арналған «Тарих ғылымы және «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарлама» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Пленарлық мәжілісте институт директоры З.Е. Қабылдинов «Ұлттық тарихтың аз зерттелген елдері және «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасады. Форум аясында Институт пен Павлодар облысының Мемлекеттік архиві арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Конференцияға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.