Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


Құрметті әріптестер!

 2018 жылдың 29 мамырында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Әділет» тарихи-ағарту қоғамымен бірлесіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Сталинизм және ұлт қасіреті: Қазақстандағы рухани жаңғыру жағдайындағы ұғыну жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

– Қазақстандағы кеңестік жаңартудың ерекшеліктері: оң және теріс жақтары;

– Кеңестік жаңарту жағдайындағы дәстүрлі қазақ қоғамы транзитінің ерекшеліктері;

– күштеп жаңартуды жүзеге асыру әдістері мен тәжірибесін қайта құру және талдау;

– сталиндік режимнің қуғын-сүргін саясатын іске асырудың әдістері мен тәсілдері: құрбандары мен орындаушылары;

–       Қуғын-сүргін саясаты және Қазақстан территориясында концлагерлер жүйесінің құрылуы;

–       кеңестік күнделікті өмір тарихы және тұлғатанудағы көрінісі;

–       Кеңестік жаңарту тәжірибесі Қазақстан қоғамын идеологиясыздандыруда  қолдану

Конференция жұмысына қатысушы Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына келесідей материалдарды жіберулеріңізді сұраймыз:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;

2. Мақала мәтіні.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 15 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2018 жылдың 24 мамырына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Мекен-жайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты;

Байланыс телефондары: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 272-46-55 (Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімі, меңгерушісі – т.ғ.к. С.А. Асанова);

Факс: 8 (727) 261-67-19, е-mail: kazhistory@bk.ru, saltasanova@gmail.com    

Аты-жөні (толық) _____________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________

Лауазымы: __________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _______________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________

Автордың адресі:_____________________________________________________

Факс, E-mail ________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________________________