Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Р.Б. Сулейманов атындағы Шығыстану институты 2018 жылдың 5 маусымында «Астана – Еуразия жүрегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық кодты қайта құру үшін зерттеу керектігін атап айтқан. Елбасының мақаласының жариялануы мемлекет астанасын Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) ауыстыруына 20 жыл толуымен сәйкес келеді. Бүгінгі күні президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке жобасы бойынша салынған Астана егемен Қазақстанның символы, еуразия континентінің жүрегі және орталығы болып есептеледі.

Конференцияда келесідей сұрақтар қарастырылады:

– Туған өлке тарихын зерттеудің әдістемелік жолдары және өлкетанудың даму ерекшеліктері;

– Тарихнама және деректанудың өзекті бағыттары;

– Аймақтардың ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихын зерттеудің түрлі аспектілері;

– Астана тарихын тәуелсіз Қазақстанның астанасы ретінде зерттеудің заманауи тенденциялары;

– Мемлекет астанасының халықаралық байланыстары: Астана – әлемдік диалогтар алаңы.

Конференция жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін келесідей ақпараттарды ұйымдастыру комитетінің адресіне жіберулеріңізді сұраймыз:

  1. Форма бойынша өтініш
  2. Баяндама мәтіні

Мақаланы дайындау тәртібі: көлемі 10 бет, редактор MS WORD, формат *.doc, *.rtf, шрифт Times New Roman, кегль 14, шекаралары: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жақ – 3, оң жақ – 1 см, жоларалық интервал – біреулік. Интервалдан кейін ортадан қалың шрифтпен мақала атауы, оң жағынан автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми деңгейі, мекеме аты, (қала, мемлекет). Мақалада ссылкалар тік жақшамен беттің нөмірі көрсетілуімен белгіленеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлемде нүкте ссылкадан соң қойылады. Кестелер MS WORD редакторында теріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланын соңында нумерациямен көрсетіледі (нүкте қойылмайды). Файлдың атауы бірінші автордың аты-жөнімен сәйкес келуі кажет.

Конференция тілдері: қазақша, орысша, ағылшын.

Мақаланы өткізу мерзімі: 2018 жылдың 29 мамырына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары: 050010  Алматы қ.,  Шевченко көшесі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР БжҒМ Ғылым комитеті, тел.: 8 (727) 261-16-35, 8 (727)261-17-58, 8 (727) 272-68-46, факс: 8(727) 261-67-19, е-mail: kazhistory@bk.ru .

Аты-жөні (толық) _____________________________________________________

Ғылыми дәреже (ғылыми атағы): _________________________________________

Қызмет: __________________________________________________________

Ұйымның толық атауы:_______________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________

Автордың мекен-жайы:_________________________________________________

Факс, E-mail _________________________________________________________

Мақаланың қысқаша аннотациясы, тақырыбы: _________________________________