Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  және Халықаралық Түркі академиясы бірігіп 2018 жылдың 13 қыркүйегінде белгілі тарихшы, т.ғ.к., Институттың жетекші ғылыми қызметкері Дәулетхан Әлімғазының 75 жылдығына орай «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 Конференцияның жұмыс бағыттары:

–         Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының этносаяси мәселелері;

–         Түркі халықтарының мәдени тарихы.

–         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы отандық тарихтың өзекті мәселелері.

Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тіркелуі – сағ. 9.00., басталуы – сағ. 10.00.

 Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 6-8 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2018 жылдың 10 тамызына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

Факс: 8(727) 261-67-19

            E-mail:  arepovaanar@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Мен:

¨     Секция отырысында  баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨         Сырттай қатысамын.

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!