Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция


2018 ж. 24 мамыр күні Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Форумның ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі, «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қоры, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті және Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты болды. Конференцияға Қазақстанның көрнекті отандық және мемлекеттік қайраткерлері, отандық пен шетелдік ғалымдар, Парламент депутаттары М. Әшімбаев, Б. Ертаев, Т. Мұсабаев, А. Барани қатысты. Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры М.Қ. Қойгелдиев, Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, “Қасиетті Қазақстан” ғылыми-зерттеу институтының директоры Берік Әбдіғали және т.б. баяндама жасады. Сонымен қатар, Институт директоры З.Е. Қабылдинов Астана қаласы әкімдігінің «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» және Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен адамдарды ақтау және мәңгі есте қалдыру жөніндегі «Каһармандар» республикалық қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.